«7-20-25» бағдарламасы арқылы бүгінге дейін қарыз алуға 227,2 млрд теңгеге 20 137 өтініш қабылданды
Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлайды. Нәтижесінде 136,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 11 934 өтінім мақұлданды.
Компания таратқан кестеде «»7-20-25» бағдарламасына жүгініп, баспаналы болғандардың ең көбі Ақтөбе облысында екені көрсетілген. 693 өтініш түсіп, пәтер алуға 6 млрдқа жуық қаржы бөлінген. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Өңірде 645 өтініш түсіп, 5 млрд 700 млн теңгеге жуық қаржыға ипотека рәсімделген. Қостанай облысы 525 өтінішпен үшінші орында. Онда тұтынушылар банк арқылы 3,8 млрд теңгеге баспаналы болған.
«7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алғандар саны ең аз аймақ Қызылорда облысы. Сыр өңірінде небәрі 101 өтініш түсіп, 800 млн теңге мақұлданған.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы 2018 жылы шілде айында іске қосылды. Оның операторы «Баспана» бағдарлама арқылы ипотека беретін 7 банкпен келісімшартқа қол қойған.