$ 530.15  617.47  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік ұйымдар жекеменшік кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік бермей отыр – Тоқаев

Қазір мемлекеттің үлесі бар ұйымдар саны 25 мыңға жақындайды

Мемлекеттік ұйымдар жекеменшік кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік бермей отыр – Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік экономикадағы үлесін азайту үшін мемлекеттік секторды реформалауды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту көп жылдан бері өзекті міндет болып келеді.

«Мемлекеттік ұйымдар мен компаниялар негізсіз көбейіп, жеке кәсіпорындардың толыққанды дамуына мүмкіндік бермей отыр. Елімізде мемлекеттің үлесі бар ұйымдар саны 25 мыңға жуықтайды. Көпшілігінің қызметі мен құрылымы сын көтермейді, қисынға да келмейді. Қазір коммерциялық емес міндеттерді орындау үшін коммерциялық әдіс-тәсілдер кеңінен қоланылып жүр. Соның салдарынан түрлі шығындар артып, корпоративті органдар көбейіп кетті. Нақты нәтижеге назар аударылмайды. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Үкіметпен бірлесіп, мемлекеттік секторды реформалау туралы нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Қажет болса арнайы жарлық шығарамын», - деді Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Сонымен қатар президент Үкіметке мемлекеттік мүлік туралы заңды жаңартуды тапсырды. Заңда мемлекеттің экономикаға қатысу шегі нақты айқындалып, басқару ісіне қатысты құқықтық талаптар көрсетілуі қажет. 

Серіктес жаңалықтары