Бұл қаражатқа көшпелі суару станциялары алынады
Қызылорда облысындағы егін алқаптарына су шашатын 53 көшпелі сорғы станциясын сатып алу үшін үкімет резервінен 1 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы 53 көшпелі станцияның арқасында су аз болса да 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік бар.
Қызылорда облысында 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген, оның 82,4 мың гектары күріш.