$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2020, 18:04
Экономика

Қазақстанда автожолдардың 16 мың шақырымына мониторинг жүргізіледі

Бүгінге дейін жолдардың 819 шақырымы диагностикадан өткізілді

Қазақстанда автожолдардың 16 мың шақырымына мониторинг жүргізіледі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жол активтері сапасының ұлттық орталығы республикалық маңызға ие автомобиль жолдарын құралдық мониторингтен өткізу, жолдардың нақты жағдайына баға беру шараларына кірісті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл соңына дейін Жол активтері сапасының ұлттық орталығы автожолдардың 4665 шақырымын құралдық мониторингтен өткізбек.

Осылайша, «Жол активтерін басқару жүйесіне» жолдардың орналасқан орындары, геометриялық параметрлері, жол құрылымдары, жол белгілері мен таңбалары, көлік ағымының қарқындылығы мен құрамы біріктірілмек. Бұдан бөлек, жолдардың техникалық жағдайы анықталып, олқылықтар туралы деректер жиналған тізімдеме жасалады. Бүгінге дейін жолдардың 819 шақырымы диагностикадан өткізілді.  

«Сонымен қатар, мамандар республикалық маңызы бар тасжолдардың 11 680 шақырымының нақты жағдайына бағасын береді. Осы ретте қауіпсіздік бойынша жолдардың рейтингі құрылады. Жаңа техникалық құралдармен, жолдарды зерттеуге арналған аспаптармен жабдықталған жол зертханалары бүгінге дейін жолдардың 1144 шақырымын зерттеуден өткізді», - делінген ақпаратта.

Жолдарды диагностикадан өткізу кезінде заманауи жабдықтар қолданылатынын айта кету керек. Ол құралдар жұмысты тез әрі сапалы жүргізуге, автомобиль жолдары мен жасанды құрылымдардың жағдайы туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жөндеу жүргізілмеген проблемалық жол учаскелерін анықтауға үлкен көмегін тигізеді.  

Серіктес жаңалықтары