Тоқаев «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді

Автор: Бақыт Шынар

Президент жұмыс сапарымен Шымкентте жүр

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, бұл индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылған.

«Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты», - деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ Президент Aksa Enerji Üretim A.Ş компаниясының инвестициялық құны 350 миллиард теңге болатын бу-газ электр стансасының құрылысы туралы мәлімет алған.

«Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД нарығына автотрансформаторлар, маймен істейтін күштік трансформаторлар мен реакторлар шығаратын Asia Trafo зауытының өндірістік желісін аралап көрді», - деп жазады Ақорда.