Тоқаев Coca-Cola зауытын аралады

Автор: Нұргүл Абай

Мемлекет басшысы Шымкент қаласында жүр

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда ақпаратынша, озық технологиялармен жабдықталған және автоматтандыру деңгейі өте жоғары кәсіпорын жылына 283 млн литрге дейін сусын шығара алады.

Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысқан соң, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.