Бұл туралы бүгін Мәжілісте Серік Жұманғарин мәлім етті
Қазақстанның үкіметі қосымша құн салығының мөлшерін 16% деңгейінде бекітуді ұсынды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Салық кодексін бірінші оқылымда таныстырып жатқан премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қосымша құн салығы 16% болады. Ал, қосымша құн салығы салынатын шек 40 млн теңге», - деп хабарлады Жұманғарин Мәжілісте.