KASE-де АҚШ долларының орташа бағамы 396,77 теңгені құрады
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 2020 жылғы 3 маусымда 11:00-де 396,77 теңгені құрады. 2 маусыммен салыстырғанда (402,79 теңге / $ 1) ұлттық валюта долларға шаққанда 6,02 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Капитал.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, елорданың айырбастау пункттерінде сағат 11:15-тегі жағдай бойынша көк қағаз 401 теңге, Алматыда - 401 теңгеден сатылып жатыр.
3 маусымдағы Ұлттық банктің ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 402,37 теңгені құрады. Келесі күнге арналған теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленді.
Сағат 11:20-дағы мәліметтер бойынша, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 40,13 долларға дейін (1,44%) өсті. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 6 наурыз күні 40 доллардан жоғары болған, бұл күні ОПЕК + келісімі ұзартылмайтыны белгілі болды. Содан соң, қара алтын құны $28 дейін құлдырап кетті.