Қазақстанның бюджет ақшасына жөнделген жолдарын енді Қазынашылық комитеті бақылайды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата мәлім етті

Фото: ЖАП

Енді Қазақстанда бюджет қаражатына жөнделген жолдарды Қазынашылық комитеті бақылайды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша автомобиль жолдарын реконструкциялауға байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың бақылауы күшейеді. 2024 жылғы желтоқсанда Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша мұндай бақылау қажет екені анықталды. Аудиторлар автожолдарды бюджет есебінен реконструкциялау жөніндегі жобаларға қазынашылық сүйемелдеу қолданылмайтынын анықтады», - деп хабарлайды ЖАП.

Бұл алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және мемлекет қаражатын мақсатсыз тәуекелдерін төмендетеді деген болжам бар.

«Осыған байланысты Қазынашылық комитетіне аталған олқылықты жою туралы тапсырма берілді», - деп хабарлайды ЖАП.