Үкіметте тиісті кеңес өткізді
Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов бюджет қаражатын бақылау және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, былтыр ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрлық трансформациядан өткізу туралы тапсырма берген еді.
Бүгінгі кеңеске қатысқан Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинұр Жәленов қаржы инфрақұрылымының негізгі – банкаралық төлем карточкалары жүйесін, Open API, Антифрод-орталық, цифрлық теңгені дамыту тәсілдерін ұсынған.
«Биыл шілде айында екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, QR арқылы банкаралық төлем қызметін іске қосу жоспарланып отыр», - деп хабарлайды үкімет.