Агенттіктің дереккөзі ОПЕК+ министрлерінің кездесу 9-10 маусымда емес, одан ерте өтуі мүмкін екенін хабарлайды
ОПЕК+ елдерінің министрлері 2020 жылдың 9-10 маусымына жоспарланған кездесуді одан ерте, дәлірек айтқанда, 4 маусымда өткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігіне ОПЕК елдері арасындағы екі бірдей дереккөз хабарлаған.
«Кездесу 4 маусымға ауысуы мүмкін», - деп хабарлаған кездесуді ауыстыру туралы келіссөздерге қатысып жүрген дереккөз. Алайда, ол 4 маусымға дейін бір аптадан да аз уақыт қалғанына қарамастан, кездесудің уақыты дәл қай күнге ауысатыны туралы нақты шешім әлі қабылданбағанын айтады. Кездесу бейнеконференция арқылы өтетіндіктен, оның уақытын ауыстыра салу қиындық туғызбайды деп хабарлаған дереккөз.
Бұған дейін хабарланғандай, ОПЕК+ елдерінің техникалық комитеті 4-5 маусымда, ал министрлері 9-10 маусымда кездесуі керек еді. «Кездесу неғұрлым ерте өте, соғұрлым жақсы болады», - деген ТАСС агенттігінің дереккөзі.
Айта кетейік, 2020 жылы мұнай экспорттаушы елдердің ұйымына қазір 13 мемлекет мүше болып отыр.