Смайылов ұзақ тыныштықты бұзды – ол енді Қазақстанның байлығы қайда жұмсалып жатқанын тексереді

Автор: Бақыт Шынар

Ұлттық қордың ақшасын тексеретін комиссия жұмысын қайта бастады

Фото: gov.kz

Қазақстанның Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың қайда және қалай жұмсалатынын тексеретін комиссия жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметіне сүйенсек, 2014 жылы құрылған комиссия алдымен Ұлттық Банк аясында, ал, 2020 жылдан бастап осы палата аясында жұмыс істеген. Ұзақ жылдардағы үзілістен кейін Әлихан Смайылов осы комиссияның отырысын өткізді.

«Комиссияның жұмысын қайта бастауымыз керек. Ведомствоаралық іс-қимыл мен Ұлттық қор қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік аймақтарын нақты айқындау қажет», — деді Әлихан Смайылов.