Бұл қалада бір келі ірімшіктің құны алты мың теңгеге таяған
2025 жылдың қаңтар айында Қазақстанда ірімшіктің орташа бағасы 5210 теңге болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Былтырмен салыстырғанда баға 3,8 пайызға қымбаттаған. Бұл деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынып отыр.
«Ең қымбат баға Қызылорда қаласында тіркелді – 5941 тг/кг. Шымкентте орташа баға 5816 тг/кг, Ақтауда – 5643 тг/кг, Таразда – 5642 тг/кг. Ірімшіктің ең арзан орташа бағасы Қонаев қаласында – 3492 тг/кг. Қазақстанның өзге қалаларында баға 4000-5500 теңге арасында құбылады», - деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.