Қазақстанда 10 колледждің студенттері дрон құрастыруды үйренеді

Автор: Бақыт Шынар

Олар сондай-ақ атом энергетикасы мен машина жасау салаларында білім алады

Фото: оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанның 10 колледжіне Венгрияның атом энергетикасы саласындағы тәжірибесі мен Қытайдың дрон құрастыру әдістері енеді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивелінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жұмысшы мамандықтар жылында 10 колледжді интернационалдандыру жоспарланып отыр. Негізгі мақсат — олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Атом энергетикасы бойынша мамандарды даярлауда Венгрияның тәжірибесін енгізу, сондай-ақ Қытайдың IT, дрон құрастыру және машина жасау саласындағы тәжірибесін қолдану жоспарланып отыр», - деп хабарлаған Ғани Бейсембаев.

Министр сондай-ақ 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есе көбейетінін айтап өтті.