Бұл ипотекалардың құны 1 трлн теңгеден асқан
Қазақстанда ипотека беретін «7-20-25» бағдарлама арқылы 77 мың 916 адам қарыз алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, бұл ипотекалардың құны 1 трлн 80 млрд теңгеден асқан.
Ең көп өтініш Астана қаласында мақұлданған екен, елордада 452 млрд теңгеге 28 мыңнан астам ипотека берілген. Екінші орында – Алматы қаласы, мұнда 255 млрд теңгеге 16 мыңнан астам адамға ипотека берілген. Үшінші орында Шымкент қаласы тұр, бұл шаһарда 5 793 адам осы бағдарлама арқылы үй алған.