Көлеңкедегі ақшаны кім көп тапса, соның KPI жоғары болады – үкімет жаңа ереже ұсынды

Автор: Бақыт Шынар

Мемлекеттік органдар көлеңкелі экономиканы азайту керек

Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық-бюджет реформасын іске асыру аясында үкіметте салықтық әкімшілендіруді күшейту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеңес кезінде қаржы вице-министрі Ержан Біржанов көлеңкелі экономикадағы көрсеткіштерді жақсарту үшін мемлекеттік органдардың белгілі бір жылдардағы жұмысына KPI енгізуді ұсынды.

«Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын сервистік тәсілмен және салаларды цифрландыру арқылы жаңа қырынан қарастыру қажет. Бұл көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары шеңберіндегі іс-шараларды орындауға ресми көзқарастан кетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдарға көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралармен өз ведомстволарының 2025-2027 жылдарға арналған даму жоспарларына KPI қосуды ұсынамыз», - деген Ержан Біржанов.