$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экономиканы әртараптандыру және цифрландыру қажет - депутат

Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау керек дейді ол

Экономиканы әртараптандыру және цифрландыру қажет - депутат
Фото: партияның баспасөз қызметі

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының отырысында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Депутат Нұртай Сабильянов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары негізінде экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Инвесторларға тең жағдай жасалып, қолдау көрсетілуі қажет. Мемлекет қолдауына ие болған әрбір компания қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге тиіс. Бұл ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді. Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Президент қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру және бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу туралы тапсырма берді. Қазіргі таңда осы салада 5 ақпараттық жүйе жұмыс істеп тұр. Құрылыс кодексінің жобасын қарау барысында бірыңғай ақпараттық жүйе құру мәселесі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе қарастырылып, тиісті заңнамалық шешімдер қабылданатын болады» , – деді ол.

Серіктес жаңалықтары