Әзірге 10 млн доллар ақша бюджетке өткен
Сот тәртібі бойынша қайдан шыққаны түсініксіз қаражат мемлекет кірісіне айналып жатыр. Осы халықаралық тәжірибенің арқасында Қазақстан 10 млн долларды өз меншігіне қайтарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы бүгін Бас прокурор Берік Асылов мәлім еткен. Оның айтуынша, былтыр Қазақстан 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарып алған. Бұл қаражаттың 48 млрд теңгесі 15 әлеуметтік нысан салынған.
«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сот тәртібімен түсініксіз шыққан активтерді мемлекет кірісіне айналдыру практикасы енді. Қазірдің өзінде бұның нәтижесі бар екенін айтуға болады. 10 миллион доллар көлеміндегі талап қанағаттандырылып, өтелген», - деп хабарлайды Берік Асылов.