Қазақстанда түрік және ауған компаниялары көбейген

Автор: Azattyq Rýhy

Елдегі шетелдік компаниялардың ең көбі ресейліктерге тиесілі – 7,4 мың

фото: 2018 жылы Алматыда ашылған ауған компаниясы «Kanda Fruits Process Company» сауда өкілдігі

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың саны артқан. Жыл басынан бері олардың қатары 4,7%-ға өскен, деп хабарлайды LS.

Елдегі шетелдік компаниялардың ең көбі ресейліктерге тиесілі – 7,4 мың. Жыл басынан бері ресейлік компаниялардың саны 3,4%-ға өскен. Ал, Қазақстандағы түрік компанияларының саны жыл басынан бері 14,2%-ға өсіп, жалпы саны 2,3 мыңға жетті.

Қазақстанда қытай капиталы салынған кәсіпорындары жыл басынан бері 4%-ға көбейіп, жалпы саны 1,2 мыңнан асты. Одан бөлек, Қазақстанда жұмыс істейтін ауған кәсіпорындарының саны 303-ке жетіп, 13% өсім көрсеткен. Сондай-ақ елімізде қырғыз компаниялары да айтарлықтай көбейіп, 1 мыңға дейін жеткен (8,4% өсім).