Жаңа кәсіпорын Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Рахым Сәбденов ауылында орналасқан
Тың жобаға 200 млн теңге инвестиция салынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаңа зауыттың құрылыс жұмысына 30 адам тартылған. Өндіріс ошағында 15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Ал минералды ауызсу «Бай тал» атауымен алдағы уақытта нарыққа шығарылатын болады», – дейді Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов.
Тұрар Рысқұлов ауданында 16,1 млрд теңгенің 20 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн. Осы жобалар толық жүзеге асырылған кезде ауданда 500 жаңа жұмыс орны ашылады.