Зауыт қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр
Атырау мұнай өңдеу зауытында автобензин айдауға арналған жерасты құбырының ақаулы бөлігі толығымен қалпына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зауыттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін №33 резервуарында ақау туындаған екен.
Оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін хабарланады. Мұнай өңдеу зауыты қазір қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.