Қазақстандықтар 2023 жылы бір-біріне 80 трлн теңгеге жуық ақша аударған

Автор: Бақыт Шынар

Бірақ, қаржы министрлігі бұл ақшаның қанша пайызы көлеңкелі экономикадан болғанын біле алмай отыр

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2023 жылы қазақстандықтар банк қосымшалары арқылы бір-біріне 80 трлн теңге аударған. Бұл туралы бүгін брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың әкімшілік кірістері басқармасының жетекшісі Дина Құсайынова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«2023 жылы шамамен 80 трлн теңге мобильді қосымшалар арқылы аударылған. Осыны тексеру туралы бастама шыққаннан бері қандай қарсылық болып жатқанын көріп отырсыздар ғой. Қазір жағдайға анализ жасап, ақпан айына дейін банктерге осы ақшаны аударған адамдардың ЖСН береміз. Өз кезегінде банктер де анализ жасап, оның қорытындысын ұсынуы керек», - деді ол.

Бұған дейін біз 100 адамнан 255 мың теңге түссе, кімдер күдікке ілінетінін жазған едік.