Бұл – ақшаны жылыстатуға қарсы саланың тәуелсіз рейтингі болған
Қазақстан ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді Basel AML Index рейтингінде 110 елді басып озған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, еліміз бұл рейтингтің 4,65 ұпайына ие болып, әлем елдері арасында 111-ші орын иеленген.
«Еліміз 2012 жылдан бері жарияланған рейтинг тарихындағы ең жақсы нәтижесін жаңартты. Осылайша, Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур, Қытай, Катар, Италия, Венгрия және Түркия сияқты елдерді артта қалдырды», - деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.