Министрлік шешімі
Ұлттық қордан 2023 жылға дейін кепілдендірілген трансферттер туралы ҰЭМ шешімінің жобасына сәйкес бюджетке 7,7 трлн теңге аудару жоспарланған, деп хабарлайды FinanceKz Телеграм арнасы. Үш жылда қаражат төмендегідей жолмен бөлінбек.
2021 - 2,7 трлн теңге.
2022 - 2,6 трлн теңге.
2023 - 2,4 трлн теңге.
Биыл да 2,7 трлн бөлінеді деп жоспарланған болатын, бірақ дағдарысқа байланысты сәуір айында бұл көрсеткіш 4,7 трлн-ға дейін өсті.
1 сәуірдегі жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері қазіргі бағам бойынша 58,5 млрд. долларды немесе 23 трлн теңгені құрады, ол жыл басынан бері 5,2% -ға төмендеді. Мұнайдың бағасы арзан болған жағдайда, мұндай трансферттер қордың үштен бір бөлігін жеп қоюы мүмкін. Сонымен қатар, ақпараттық канал алдағы үш жылда министрлік артық профицитке жету үшін ешқандай әрекет жасамайды деп жазады.