Бұл кепілдендірілген трансферт
Парламент Мәжілісі «Қазақстанның Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасы Бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленгенін атап өтті. Кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған.
«Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41-39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Сондай-ақ, жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжаммен 2025 жылы 62,2 млрд АҚШ долларын, 2026-2027 жылдары 69,9-78,7 млрд АҚШ долларын құрайды.