Экономика: қазақстандық фермерлер банктерден 500 млрд теңгеден астам қарыз алған

Автор: Azattyq Rýhy

Ең аз несие алғандар Ұлытау облысының аграрлары

Фото: istockphoto.com

Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін аграрларға 501,9 млрд теңге көлемінде несие берілген. Бір жыл ішінде ауыл шаруашылығын несиелендіру көлемі 13%-ға өскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy LS-ке сілтеме жасап.

Несиелердің басым бөлігі ұлттық валютада рәсімделген – 498,5 млрд теңге (2023 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда +12,7%), қалғаны – шетел валютасында, 3,4 млрд теңге (+1,6 есеге).

Аймақтар бойынша дәстүрлі түрде Алматы қаласы көш бастап тұр – 224,5 млрд теңге (+4,2%). Одан кейін Ақмола облысы – 46,8 млрд теңге (+18,2%), Астана – 45,4 млрд теңге (+2,4 есе), Қостанай облысы – 36,5 млрд теңге (-17,4%), СҚО – 25,7 млрд теңге (+16,7%).

Ең аз несие алғандар Ұлытау облысының аграршылары – 1,01 млрд теңге (+38,5%) және Маңғыстау облысы – 1,8 млрд теңге (+1,5 есе).