Ұлттық банк 506 миллион доллар сатты
Шілде айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 474,15 теңгеге дейін, яғни, 0,5%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 183 млн АҚШ долларынан 170 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 млрд АҚШ долларын құрады», - деп хабарлады Ұлттық банк.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін шілде айында 506 млн АҚШ долларына валюта сатылды.
«Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында шілдеде биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 275 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 7%-ын құрады», - делінген валюта нарығы туралы ақпараттық хабарламада.
Шілдеде аталған Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі 115 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылғы тамыз айында алтын-валюта резервтерінен 230 млн АҚШ долларынан 250 млн АҚШ долларына дейінгі көлемде валюта сатып алу күтілуде.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы тамызда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 500 млн АҚШ долларынан 600 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.