Ұлттық банктің 1 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 473,95 теңге
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 — 477 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 474,7 — 476,7 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 1 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 473,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,50 теңге.
Айта кетейік, 31 шілдеде доллардың орташа бағамы 474,15 теңге болған.