Жаңа қаулы бір ай бұрын күшіне енді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 19 қаулысына сәйкес, 30 наурыздан бастап жағымсыз кредит тарихын түзету мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды tengeonline Telegram каналы.
Енді кредиттік бюро қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредитке «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе бере алады. Бұл қандай жағдайда жүзеге асады?
«Қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредитіңізді қайтарсаңыз, 12 ай өткенде кредит тарихыңыз тазаланады. Кредит бойынша қарызыңызды қайта құрылымдап немесе қайта қаржыландыру кезінде бар қарызыңыздың 50%-дан астамын төлесеңіз.
Және кредитті қайта құрылымдағаннан немесе қайта қаржыландырғаннан кейін 12 ай бойы айлық төлемді төлем мерзімінен 30 күннен кешіктірмесеңіз; 90 күннен асқан берешекті өтегеннен кейін бір жыл ішінде кредит бойынша төлемдерін 30 күннен астам мерзімге кешіктірмесе.
Кредиттік бюро кредиттік есепте мерзімі кешіктірілген күндер саны нөлге тең деп көрсетеді. Яғни, кредиттік тарихыңыз жақсарады», - делінген хабарламада.