LEGO-плагиат: Алматының базарында әлемдік брендтің көшірмесін сатқан адам анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол құны 4 млн теңге болатын 3145 өнім жасаған

Фото: Әділет министрлігі

Алматы қаласының әділет органдары әлемге әйгілі «LEGO» брендтің атын жамылып жұмыс істеген компания анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анықталғандай, компанияның өкілі Алматының базарында «LEGO» ойыншықтарының көшірмесін жасап, сатып жүрген адамдарды тексеру туралы арыз түсірген.

«Тексеру барысында «LEGO» тауар белгісі заңсыз пайдаланған ойыншықтар анықталған. Сауда нүктесінен жалпы құны 4 миллион теңгеден асатын 3145 контрафакт тәркіленген», - деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, қолдан ойыншық жасаған саудагер брендтің имиджіне нұқсан келтіріп қана қоймай, балалардың денсаулығына зор қауіп төндіреді.