Түстен кейін доллар бағамы өсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,09 теңге

Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,23 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,06 теңге, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,09 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,48 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 474 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 475,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге. Ресей рублі 5,38 — 5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.