Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 03 теңге
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477,3 - 479,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 475 - 480 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 43 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,33 - 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35 -5,5 теңгеден сатылуда.