2,16 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Доллар бағамы 2,16 теңгеге қымбаттады: 1 АҚШ долларының орташа бағамы – 477, 03 теңге, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 474,83 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 476,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңге, сатып алу құны – 479 теңге.