Ұлттық банктің 18 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474, 83 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 473 - 477 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 18 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474, 83 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473 - 477 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 474,1 - 476,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,29 - 5,45 аралығында саудаланып жатыр.