11.07.2024, 17:35
Экономика
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,48 теңге
Фото: istockphoto.com
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,94 теңгеге төмендеп, 1 доллар 474, 26 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,48 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 472,5 теңге, сатып алу – 474,9 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 473 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,29 – 5,39 теңге аралығында саудалануда. Астанада көрші ел валютасы 5,23 – 5,43 теңгеден сатылып жатыр.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 10:59
Қазақстан ТЖМ авиациясы жарты жылда 1 488 рет әуеге көтерілді: жүздеген адам құтқарылды