Ұлттық банктің 10 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 480,77 теңге
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478 - 483 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 478,9 - 481,1 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 10 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 480,77 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,51 теңге.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,33-5,53 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 9 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,86 теңгеге төмендеп, 480,69 теңге болған.