Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475, 39 теңге
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474,5 - 476,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 471 - 476 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475, 39 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 40 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,29 - 5,41 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,25 -5,45 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 4 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,71 теңгеге қымбаттап, 475,41 теңге болған.