Ұлттық банктің 3 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 471,83 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 469 - 474 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 3 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 471,83 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469 - 474 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 472 - 473,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,2 - 5,38 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 2 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,07 теңгеге төмендеп, 471,89 теңге болған.