Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банктің 27 маусымға арналған ресми бағамы — 1 долларға 463,77 теңге

Фото: freepik.com

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 462 - 467 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің 27 маусымға арналған ресми бағамы — 1 долларға 463,77 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,31 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 - 467 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 463,3 - 465,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 - 5,35 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 26 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,38 теңгеге төмендеп, 463,83 теңге болған.