OPEK+ елдері мамыр мен маусым айларынан бастап мұнай өндірісінің көлемін азайтуға келіскен болатын
Кешегі апта бір барелі 17 долларға дейін құлдырап, антирекорд жасаған Brent мұнайының шілдеге арналған құны қайта өсіп, 25 долларды құрады, деп жазады РИА Новости.
Нұр-Сұлтан уақытымен 5:54-гі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерсінің құны 0,93 пайызға өсіп, 25,04 долларды көрсеткен. Ал маусым айындағы баға – 21,64 доллар болып бекітілді.
Сондай-ақ, WTI маркалы мұнайдың бағасы маусым айында 1,42 пайызға арзандап, 16,70 долларды көрсетіп отыр.