Қазақстан доллар бағасы бірден қымбаттап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бір доллар 457,98 теңгені құрады

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,92 теңгеге көтеріліп, 457,98 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің 18 маусымдағы ресми бағамы долларға 452,92 теңгені құрайды.

Кurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 458,80 теңгені, сатылымы 461,14 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 456,97 теңгеден сатып алынып, 462,00 теңгеден сатылуда.