ҚТЖ жұмысшыларының қанша жалақы алатыны белгілі болды

Автор: Темірхан Айжан

Кейінгі жылдары жұмысшылардың айлығы өскен 

Фото: скриншот

ҚТЖ басшысының қызметін атқарушы Қанат Алмағамбетовтің сөзінше, кейінгі екі жылда қызметкерлердің еңбекақысы 70 пайызға көтерілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жұмысшылардың орташа жалақысы 450-460 мың теңге», - деді ол.

Еске салайық, депутат, АМАNAТ партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин ҚТЖ басшысын қатаң сынға алып, Парламенттің келесі сессиясына келіп есеп беруін талап еткен болатын.