Қазақстанда доллар бағамы күрт өсіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банктің 11 маусымдағы ресми бағамы бір долларға 448,12 теңге болып белгіленд

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасының KASE күндізгі саудасында доллардың орташа сараланған бағамы 1,52 теңгеге көтеріліп, 449,76 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің 11 маусымдағы ресми бағамы бір долларға 448,12 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматының ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 449,87 теңгеден сатып алынып, 451,14 теңгеден сатылуда. Астанада орташа сатып алу – 447,60 теңге, ал сату – 452,29 теңге.