«Бағасы келісіліп жатыр»: Қазақстан Ресейден газ сатып алады

Автор: Нұргүл Абай

Көрші елден Қытайға Қазақстан аумағы арқылы жылына шамамен 35 млрд текше метр газ тасымалданбақ

фото: freepik.com

Қазақстан ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін Ресейден газ сатып алады. Қазір көрші елмен көгілдір отынның бағасы келісіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол былтыр күзден бері Ресейдің газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалданып жатқанын еске салды.

"Біз шынымен де газға мұқтажбыз. Қазақстан өз аумағын транзит үшін пайдаланады. Біз транзиттік әлеуетімізден барынша пайда көргіміз келеді. Жол картасына қол қойылды. Қытайға жеткізілетін 35 млрд текше метр газ туралы сөз болып отыр. Бұл Қазақстанның шығыс және солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыруға мүмкіндік береді. Сол себепті біз әлгі уағдаластықтардың бәрін құптаймыз және жобалардың жүзеге асқанына қуанымыз», - деді Абаев.

Осы орайда журналист ресейлік газды сатып алу жоспарда бар ма деп сұрады.

«Біз тек транзитпен ғана емес, халықтың қажеттілігі үшін газды сатып та аламыз. Қазір бағасы туралы келіссөз жүргізіліп жатыр, бірақ жалпы жол картасына қол қойылды, ниет бар, түсіністік бар, кейбір детальдар ғана қалды», - елші.