Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,22
Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 443,35 теңгені құрап, 0,91 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 26 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,22 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес осы сәтте Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 443,45 теңгеге, сату – 444,68 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 442,1 теңгеден сатып алынады, 447,1 теңгеден сатылады.