Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,32 теңге
Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 444,32 теңгеге жетіп, тағы 0,37 теңгеге теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық банктің 24 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,32 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 445,5 теңге.
Астана қаласында сату бағасы – 444 теңге болса, сатып алу – 449 теңге.