Қор нарығында доллар бағамы өсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,14 теңге

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,15 теңгені құрап, 0,95 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ҚР Ұлттық Банкінің 10 сәуірдегі ресми бағамы бір доллар үшін 446,14 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 446,72 теңгеге, сату - 448,17 теңгеге тең. Ал Астанада АҚШ валютасы 446,00 - 450,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, кеше KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 446,14 теңгені құрап, 0,22 теңгеге өскен еді.