Қор нарығында доллар арзандады

Автор: Аманалина Тоғжан

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,89 теңге

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасы доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге төмендеп, 449,16 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,89 теңге.

Еуроның бағамы 491,68 теңге, рубль 4,91 теңге деп белгіленді.

Айырбастау орындарында доллар 449,1–451,1 теңгеге, еуро 491–495 теңгеге, ресей рублі 4,83–4,95 теңгеге сатылып жатыр.