Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

Автор: Аманалина Тоғжан

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 450,53 тг

Фото: freepik.com

Қазақстанның қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,52 теңгені құрап, 2,72 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, доллардың 6 наурыздағы ресми бағамы 450,53 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 449,22 теңгеге, сату – 450,91 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 447,44 теңгеден сатып алынады, 452,49 теңгеден сатылады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 2,2 теңгеге, 5 наурызда 2,69 теңгеге төмендеді.