Қазақстанда доллар қайта қымбаттады

Автор: Аманалина Тоғжан

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 451,31 теңге

Фото: Әсет Құндақбаев/ Azattyq Ruhy

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,21 теңгеге қымбаттап, 451,31 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық банк еуроның бағамын 487,09 теңге, рубльді 4,89 теңге деп бекітті.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,89 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450,9-452,7 теңгеге, еуро 488-491 теңгеге, ресей рублі 4,81-4,89 теңгеге сатылуда.